Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік кеңесінің мүшесі, Қорғаныс министрі Вэй Фэнхэні қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.
Қазақстан Президенті өзінің 2019 жылғы қыркүйекте Пекинге мемлекеттік сапары мен биылғы ақпанда ҚХР-ға жұмыс сапары барысында қол жеткізілген маңызды уағдаластықтардың жүзеге асырылуына оң баға берді.