Алматыда үйінің ауласында бес адамды атып өлтірген Игорь Дужновқа қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қалалық соттың судьясы Еркін Майшинов Игорь Дужнов өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы шешім қабылдады. Ол жазасын төтенше қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді.
Игорь Дужнов 2021 жылдың 20 қыркүйегінде Алматының Ақбұлақ шағын ауданындағы үйінің ауласында жеке сот орындаушысын, екі полицейді және үйдің жаңа иесі мен оның өкілін атып өлтірген болатын.