$ 494.87  520.65  4.91

Президент: Amanat әлеуметтік әділдікті орнықтыруға әрдайым баса мән береді

Мемлекеттілікті нығайту және ел бірлігін бекемдеу – ұйымның айрықша миссиясының бірі.

Бұл туралы бүгін өткен Amanat партиясының кезектен тыс ХХІІІ съезінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді. 

"Біз жыл басынан бері осымен 3-рет бас қосып отырмыз. Қаңтар оқиғаларынан кейін мемлекет пен қоғамды түбегейлі жаңарту үдерісі басталды. Amanat осы жүйелі өзгерістерге белсене атсалысуда. Қолға алынған реформаларға партия жан-жақты қолдау көрсетуде. Сонымен бірге «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын тиімді жүзеге асыруға үлес қосуда", - деп атап өтті Мемлекет басшысы. 

Президент Amanat әлеуметтік әділдікті орнатуға әрдайым баса мән береді деп отыр. 

"Мемлекеттілікті нығайту және ел бірлігін бекемдеу – ұйымның айрықша миссиясының бірі. Өткен съезде партияға ребрендинг жасау қолға алынды. Сондай-ақ оны институционалдық тұрғыдан жаңарту жұмысы басталды", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев съезд отырысында. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары