Бұл туралы бүгін өткен Amanat партиясының кезектен тыс ХХІІІ съезінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.
"Менің тапсырмам бойынша Конституцияға түзетулер енгізу жобасын дайындау жұмыстары шұғыл басталды. Негізгі заңға өзгерістер енгізбей алға қойылған ауқымды өзгерістерді іске асыру мүмкін емес екендігі түсінікті. Шын мәнінде, конституциялық реформа – Тәуелсіздік тарихындағы жаңа белес. Мұның бәрі уақыт талабынан және қоғам сұранысынан туындап отыр. Біз Жаңа Қазақстанды құру үшін батыл өзгерістер жасауымыз керек. Бұл өзгерісті әркім өзінен бастауы қажет", - деді Мемлекет басшысы партияның кезектен тыс съезінде сөйлеген сөзінде.
Сондай-ақ Президент Ата Заңға өзгерістер енгізу кешенді жаңартулар үшін қажет деп отыр.
"Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу мемелекетіміздің саяси архитектурасын кешенді қайта құруға, билік тармақтарының арасындағы тежеу мен қарама-қайшылықтың теңестірілген жүйесін жасауға бағытталған", - деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.