$ 494.87  520.65  4.91

Атырауда 1 млрд теңгеге кабинет сатып алмақ болған мектеп жағдайды түсіндірді

Айта кетелік, қазіргі таңда қателік негізінде экономист Т.Иманбаеваға түсінік жұмыстары жүргізіліп, ескерту берілді.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Атырау облысының білім басқармасы Мақат ауданы Б.Қанатбаев атындағы орта мектептің неліктен 1 млрд теңгеге кабинет сатып алмақ болғанын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ведомствоның мәліметіне қарағанда 2021-2022 оқу жылының сәуір айында Мақат ауданы Доссор кентіндегі Б. Қанатбаев атындағы орта мектеп «Бірыңғай сатып алу терезесі» веб-порталы арқылы қыздарға арналған материалдық-техникалық жабдықталған технология кабинетін сатып алуды жоспарлаған.

Мақат аудандық білім бөлімінің басшысы Айбол Долдашевтың айтуынша, қайта жаңғырту (модернизация) негізінде технология кабинетіне 12 000 000 теңге қаражат бөлінген. Осы кабинетті сатып алуды жоспарлап, порталға қаржысы жүктелген уақытта маман тарапынан қате кетіп, порталға жарияланып кеткен.

«Кейіннен техникалық қателікті байқаған мектеп экономисі Т.Иманбаева дереу түзету енгізіп, қайта жариялаған. Маманның сатып алу порталына жариялаған күні 6 сәуірден 14 сәуір аралығында талқылау уақытында тұрған. Кейіннен 15 сәуір күні техникалық қателікті байқаған Т.Иманбаева түзетіп, 20 сәуір күні қайта жариялады», - дейді аудандық білім бөлімінің басшысы.

Айта кетелік, қазіргі таңда қателік негізінде экономист Т.Иманбаеваға түсінік жұмыстары жүргізіліп, ескерту берілді. Еске сала кетейік, біз кеше Атырау облысында орта мектептің 7 млн теңге тұратын кабинетке 1 млрд теңге жұмсамақ болғанын жазған едік.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары