$ 480.55  533.75  5.36

Павлодарда ор қазып жатқан екі адамды топырақ басып қалды

Құтқарушылар жергілікті тұрғындармен бірлесіп, 1970 және 1976 жылы туған екі ер адамды жердің астынан қазып алып, сыртқа шығарды.

Павлодарда шұңқырда жұмыс істеп жатқан екі адамды топырақ басып қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 28 сәуір 14.06 шамасында павлодарлық «112» пультіне шұғыл хабар түскен.

«Онда Кисловодская, 77 мекенжайында екі жұмысшының зардап шеккені көрсетілген. Оқиға орнына 7 құтқарушы мен апаттар медицинасы орталығының бригадасы барды. Келген бойда су құбырына ор қазып жатқан екі ер адамды топырақ басып қалғаны анықталды. Құтқарушылар жергілікті тұрғындармен бірлесіп, 1970 және 1976 жылы туған екі ер адамды жердің астынан қазып алып, сыртқа шығарды. Оларға апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсетті және «103» қызметіне тапсырды», - делінген ведомство хабарламасында.

Павлодар облысының ТЖД барлық азаматтарды қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.


 


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары