$ 494.87  520.65  4.91

«Өзге этностардың Қазақстан дамуына қосқан үлесін мемлекеттік тілде насихаттау керек» - Президент

Біз осы бағытта жұмыс істейтін ақпарат құралдарын барынша қолдауымыз керек.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

«Мәдениетіміз әралуан екенін көрсететін ерекше ақпаратты әзірлеу қажет. Соның ішінде, қазақ тілді аудиториямен жұмыс жүргізген жөн. Қазақ тілді аудиторияның ауқымы кеңейіп жатыр. Бұл – жағымды, оң үрдіс. Қазақстанды дамытуға өзге этностардың қосып жатқан үлесін мемлекеттік тілде насихаттау маңызды. Біз осы бағытта жұмыс істейтін ақпарат құралдарын барынша қолдауымыз керек», - деді Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІ сессиясында.

Сондай-ақ, Президент ассамбеляның қоғам дамуындағы оң үдерістердің бастауында жүргенін атады. «Ассамблея мемлекет пен азаматтық қоғам арасында табысты серіктестік орнатудың жақсы үрдісін қалыптастырды. Этномәдени бірлестіктер осының айқын көрінісі», - деді Қасым-Жомарт Тқаев.

Айта кетейік, Ассамблеяның бұл жолғы жиыны «Ел бірлігі – жаңарған Қазақстанның тірегі» күн тәртібімен өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары