$ 494.87  520.65  4.91

Ерлан Қарин: «Референдум саяси жүйені қайта жаңғырту үшін қажет»

Референдум соңғы рет 1995 жылы қазіргі Конституцияны қабылдау кезінде өткен болатын.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында  Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жобасын республикалық референдумға шығаруды ұсынғанына қатысты пікір білдірді. 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында сөйлеген сөзінде Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жобасын республикалық референдумға шығаруды ұсынды.

"Референдум соңғы рет 1995 жылы қазіргі Конституцияны қабылдау кезінде өткен болатын. Ел Конституциясына бұған дейін енгізілген төрт түзетудің де Парламентте дауыс беру арқылы қабылданғанын атап өту керек", - деді ол.

Алғаш рет конституциялық реформа бүкілхалықтық тікелей дауыс беру арқылы жүзеге асатын болады. Бұл оның жалпыұлттық сипатын көрсетеді.

"Алдағы конституциялық реформа билік тармақтары арасындағы қарым-қатынас балансын оңтайландырады, халықтың мемлекетті басқару ісіне араласуын ұлғайтады, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауды күшейтеді. Бұл – мемлекеттік модельдің жүйелі трансформациясы. Сондықтан аталған референдум ескі модельден түпкілікті бас тарту және саяси жүйені қайта жаңғырту үшін қажет", - деп жазды Ерлан Қарин.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары