«Мәдениетіміз әралуан екенін көрсететін ерекше ақпаратты әзірлеу қажет. Соның ішінде, қазақ тілді аудиториямен жұмыс жүргізген жөн. Қазақ тілді аудиторияның ауқымы кеңейіп жатыр. Бұл – жағымды, оң үрдіс. Қазақстанды дамытуға өзге этностардың қосып жатқан үлесін мемлекеттік тілде насихаттау маңызды. Біз осы бағытта жұмыс істейтін ақпарат құралдарын барынша қолдауымыз керек», - деді Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІ сессиясында.
Сондай-ақ, Президент ассамбеляның қоғам дамуындағы оң үдерістердің бастауында жүргенін атады. «Ассамблея мемлекет пен азаматтық қоғам арасында табысты серіктестік орнатудың жақсы үрдісін қалыптастырды. Этномәдени бірлестіктер осының айқын көрінісі», - деді Қасым-Жомарт Тқаев.
Айта кетейік, Ассамблеяның бұл жолғы жиыны «Ел бірлігі – жаңарған Қазақстанның тірегі» күн тәртібімен өтеді.