$ 439.43  473.31  4.82

Президент Ұлттық құрылтайдың құрамына кімдер кіретінін айтты

Ауқымды өзгерістерге жастардың да белсене қатысқаны абзал.

«Құрылтай жалпыұлттық диалогтың әмбебап моделіне айналады. Құрылтай құрамына депутаттар, ассамблея мүшелері, сарапшылар мен құқық қорғаушылар, барлық өңірлердің, сондай-ақ азаматтық альянстың, қоғамдық кеңестердің, үкіметтік емес ұйымдардың, бизнес-қауымдастықтардың және өндіріс саласының өкілдері кіреді», - деді Мемлекет басшысы

Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІ сессиясында. Президенттің пайымынша, Қазақстан халқы ассамблеясы осы мүмкіндікті бірлік пен келісімді нығайту жолында толығымен пайдалануы керек.

«Ассамблея Ұлттық құрылтаймен бірлесіп, тиімді жұмыс істеуі керек. Себебі, түптеп келгенде, екеуінің мақсаты – ортақ. Ауқымды өзгерістерге жастардың да белсене қатысқаны абзал. Кеше тұңғыш рет Қазақстан халқы Ассамблеясының Жастар сессиясы өтті. Оның ұсынымдарын мұқият зерделеу қажет», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары