Қазақстандық Геннадий Головкин Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) нұсқасы бойынша орта салмақтағы суперчемпион атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Головкинге бұл мәртебе ұйымның сәуірде жаңартылған рейтингінде берілген. Өткен айда қазақстандық боксшы жапон Риота Муратаны нокаутқа түсірген болатын. Олардың жекпе-жегі 9 сәуірде Сайтамада (Жапония) өтті.
Айта кетейік, орта салмақтағы әлем чемпионы - кубалық Эрисланди Лара. Рейтингте ұлыбританиялық кіші Крис Юбенк көш бастап тұр, мексикалық Хайме Мунгия екінші, аргентиналық Серхио Мартинес үшінші орында.
Қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы бұрынғы жетінші орында.
tengrinews.kz