03.05.2022, 12:00

WBA Головкинге суперчемпион мәртебесін берді

Головкинге бұл мәртебе ұйымның сәуірде жаңартылған рейтингінде берілген.

Қазақстандық Геннадий Головкин Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) нұсқасы бойынша орта салмақтағы суперчемпион атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Головкинге бұл мәртебе ұйымның сәуірде жаңартылған рейтингінде берілген. Өткен айда қазақстандық боксшы жапон Риота Муратаны нокаутқа түсірген болатын. Олардың жекпе-жегі 9 сәуірде Сайтамада (Жапония) өтті.

Айта кетейік, орта салмақтағы әлем чемпионы - кубалық Эрисланди Лара. Рейтингте ұлыбританиялық кіші Крис Юбенк көш бастап тұр, мексикалық Хайме Мунгия екінші, аргентиналық Серхио Мартинес үшінші орында.

Қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы бұрынғы жетінші орында.

tengrinews.kz

Тегтер: Головкин