04.05.2022, 11:40

«Кеткеніне қуанып жатырсыздар-ау деймін»: Айдос Сарым мәжілісті әлеуметтік-мәдени даму комитетінен кетті

Фото: ашық дереккөз
Депутаттар тағы ду күлді.

Депутат Айдос Сарым мәжілісті әлеуметтік-мәдени даму комитетінен кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Төменгі палатаның бүгінгі отырысында депутат Айдос Сарымның басқа комитетке ауысуы мәселесі қаралды. Ол әлеуметтік-мәдени даму комитетінен халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетіне ауысуға өтініш білдірді. Әріптестері оның өтінішін бірауыздан қолдады. Осы кезде мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов: "Әлеуметтік комитеттің мүшелері қолдаймыз деп жатыр. Кеткеніне қуанып жатырсыздар-ау деймін", - деп әзілдеді. Бәрі ду күлді.

Осыдан кейін Қошанов әріптестеріне ескерту жасады. "Әріптестер, енді бір комитеттен бір комитетке ауысуды тоқтатайық. Солай ма? Осы Айдос Сарыммен тоқтайық. Су шығып жатса, айтарсыздар", - деді Қошанов. Депутаттар тағы ду күлді.