Саясат 04.05.2022 сағат 20:47

Сот Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау туралы шешімді өзгеріссіз қалдырды

Қайрат Құдайберген Дикий Арманмен бірге адам жинауды ұйымдастырған.
Сот Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау туралы шешімді өзгеріссіз қалдырды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Сот мәслихат депутаты Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау туралы бұлтартпау шарасын өзгеріссіз қалдырды. 

Алматы қалалық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, 4 мамырда аппеляциялық сот отырысы өткен.

«Бүгін Алматы қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы қамауға алу санкциясын күшінде қалдырды, адвокаттардың жеке шағымдары қанағаттандырылмады. Бұған дейін тергеу соты іс-әрекетті саралау туралы шешім қабылданғанға дейін 30 тәулікке қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолдануға санкция берген болатын», - делінген соттың хабарламасында.

 Еске сала кетейік, ҚР Бас прокуратурасы Алматы қаласы мәслихатының депутаты Қайрат Құдайберген қаңтар оқиғасының ісі бойынша ұсталғанын растады. Қайрат Құдайберген Дикий Арманмен бірге адам жинауды ұйымдастырған. Кейін ол бір айға қамауға алынды.

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар