«Роскосмос» басшысы Дмитрий Рогозин 2022 жылдың 7 мамырында Байқоңыр ғарыш айлағының жабық аумағында екі шетел азаматының ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Рогозин өзінің Telegram каналында былай деп жазды: «Мәскеу уақытымен сағат 18.10-де «Южный» ғарыш орталығының (Байқоңыр) 112 ұшыру алаңы ауданынан (Қазақстанның «Боран» кешеніне тиесілі) Ұлыбритания азаматы Рич Бенджамин мен Беларусь азаматшасы Зелупа Алинаның ұсталғаны туралы баяндама түсті. Екеуі де Байқоңыр қалалық ІІБ-де. Тергеу жүріп жатыр». Белгілі болғандай, Рич Бенджамин - танымал британдық саяхатшы блогер, оның жанындағы әйел - серігі.