$ 446.49  475.38  4.79

Астанада үш жасар бүлдіршінді құтқарған жігітке депутат үш бөлмелі пәтер сыйлады

Бүлдіршін балконда ілініп тұрған.

Бүгін таңертең ғана елордада үш жасар қыздың өмірін құтқарып қалған көпбалалы әке Сәбит Шонтақбаевқа депутат Ғабит Сәтмағамбетовтің жеке қоры үш бөлмелі пәтер сыйға тартты. Бұл туралы қордың басшысы Айнұр Оспан мәлім етті. 

«Дәл қазір Сәбитке «Ғабит Сәтмағамбетовтің» жеке қоры мен «G-Park» құрылыс компаниясы бірлесіп, астанадағы «Рио-де-Жанейро» тұрғын үй кешенінен үш бөлмелі пәтерді сыйға тартып жатыр. Батырымыз дәл қазір қасымда пәтерлердің орналасуын қарап отыр. Қор директоры, депутат Ғабит Сәтмағабетов Сәбиттің кішкентай бүлдіршінді құтқарып қалған видеосын көрген. Өзі қызмет бабымен шет мемлекетте жүргендіктен, маған хабарласып «Айнұр, ақпараттың бәрін анықта. Қаһарманымыз пәтерсіз жүрген болса, біз өз тарапымыздан қолұшымызды созайық» деді. Мен бірден Сәбитке байланысқа шықтым»,-деді Айнұр біздің тілшімізге. 

Еске салсақ, астанадағы Ұлы дала көшесіндегі тұрғын үйдің 9-қабатының терезесіне шығып алған баланы көршісі құтқарып қалған. Бүлдіршін балконда ілініп тұрған.

Azattyq Rýhy

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары