$ 446.49  475.38  4.79

Оралда түрмеде төбелес болып, 10 адам жарақат алды

Жазасын өтеушілер бір-бірімен сөзге келіп, соңы бұзақылық әрекетке ұласқан.

Оралда түрмеде жазасын өтеушілер төбелесіп, 10 адам жарақат алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

БҚО Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, оқиға 10 мамыр күні шамамен сағат 05.00-де қауіпсіздігі орташа РУ-170/2 мекемесінде болған.

Мекеме жатақханасында жазасын өтеушілер бір-бірімен сөзге келіп, соңы бұзақылық әрекетке ұласқан. 10 минут ішінде кезекші жасақтың күшімен төбелес тоқтатылған. Барлық қатысушыларға алғашқы медициналық жәрдем көрсетіліп, облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілген. Жазасын өтеушілердің өміріне қауіп жоқ.

«Аталған дерек бойынша Орал қаласы полиция басқармасы Зачаган полиция бөлімі қызметкерлерімен ҚР ҚК 107-бабы 2-бөлігіне (денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күні бүгін жазасын өтеушілер тарапынан арыз-шағым түскен жоқ. Қызметтік тексеру тағайындалды», деп хабарлады ведомстводан.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға салдарынан жарақат алған 1985 жылғы жазасын өтеуші дәрігер қарағаннан кейін облыстық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылған. 1992 және 1988 жылғы жазасын өтеушілер дәрігерлер қарағаннан кейін кері қайтарылған.

Оқиға орнынан ұзындығы 1 метр 6 дана металл тұрба, ұзындығы 1 метр 3 дана ағаш таяқ, қара-қоңыр дақтар алынған. БҚО денсаулық сақтау басқармасының нақтылауынша, барлығы 10 адам жарақат алған. Олардың екеуі медициналық көмектен бас тартты. Жетеуі қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. Көмек көрсетілгеннен кейін отырған жерлеріне қайтарылды. Төменгі жақ сүйегі сынған бір адам облыстық ауруханаға жатқызылды.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары