$ 494.87  520.65  4.91

500-ге жуық ұстаз санат көтеру сертификатын сатып алды деген күдікке ілінді

Қазір сертификаттарды құзырлы органдар тексеру үстінде.

Түркістан облысында 500-ге жуық мұғалім біліктілік санаынт көтеру сертификатын сатып алған деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Бұл ақпаратты Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы растады.

Қазір сертификаттарды құзырлы органдар тексеру үстінде.

Түркістан облысында ұстаздардың санатын көтеруге арналған сертификаттардың сатылатындығы жайында әлеуметтік желіде ақпарат тараған болатын.

«Өкінішке қарай, сондай фактілер анықталды. Біз барынша ашықтық саясатын ұстанып отырыз. Әлеуметтік желіде болып жатқан мәселелерді жіті қадағалаймыз. Ресми түрде құзыретті органдарға тергеу амалдарын жүргізу үшін сол сертификаттардың барлығын жолдадық. Қазіргі таңда біз құзырлы органдар анық-қанығын айтып береді деп үміттеніп отырмыз. Ондай адамдардың жалған диплом, жалған сертификаттармен білім ошақтарында жұмыс істеуіне моральдық құқығы жоқ деп есептеймін», - деді Дінислам Болатханұлы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары