$ 446.49  475.38  4.79

Депутатқа қысым көрсеткен прокурордың үстінен қылмыстық іс қозғалды

Оны қажетті айғақтарды бермесең, ұзақ мерзімге түрмеге жабыласың деп қорқытқан.

Мәслихат депутаты Қайрат Құдайбергенге қысым көрсеткен прокурордың үстінен қылмыстық іс қозғалған. Бұл туралы Қайрат Құдайбергеннің адвокаты Мұрат Амидов хабарлады, деп жазады Bugin.kz порталы.

Оның айтуынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Құдайбергенге қысым көрсеткен қызметкерге қатысты азаптау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғаған.

«Тергеу изоляторында отырған өз қорғауымдағы Қайрат Құдайбергенге барған кезде, оның сөзінен Қазақстан бас прокуратурасы ведомствоаралық жедел тергеу тобының қандай да бір қызметкері адвокаттар жоқ кезде Қайраттың ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлай отырып, моральдық-психологиялық қысым көрсеткенін білдік. Ол қызметкер менің қорғауымдағы азаматты қажетті айғақтарды бермесең, ұзақ мерзімге түрмеге жабыласың деп қорқытқан», - деп жазды Амитов.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары