$ 498.34  519.72  4.85

«Майшелпек» орындар мен лауазымдарды қайта бөліске салу деген болмайды» - Тоқаев

Кәсіпкерлеріміз мемлекет мүддесін жоғары қоя білуі керек.

Кәсіпкерлеріміз мемлекет мүддесін жоғары қоя білуі керек. Бұл туралы бүгін Ақордада отандық бизнес өкілдерімен кездесу кезінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Түптеп келгенде, келешегіміз экономиканың мықты болуына байланысты. Осы орайда, кәсіпкерлеріміз мемлекет мүддесін жоғары қоя білуі керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы барлығына бірдей әділ қызмет ету үшін ашық экономиканы қалыптастыру саясатын жалғастыратынын қадап айтты.

Бұл тұрғыда Президент «майшелпек» орындар мен лауазымдарды қайта бөліске салу деген болмайтынын және оған жол берілмейтінін атап өтті.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары