«Ақжол» фракциясы депутаттарының сауалына жауап берген Бас прокурор Берік Асылов жер бөлісіне түскен мемлекеттік университеттердің не болып жатқанын айтты, деп жазады Орда.кз
2012 жылдың 30 қаңтарында Алматы қаласының әкімдігінде аудан әкімі Ахметжан Есімовтің бұйрығымен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне 73,26 гектар жер телімін тұрақты жер пайдалану құқығын беру туралы шешім қабылданды.
2017 жылдың 2 қазанында аудан әкімі Бауыржан Байбектің тұсында осы учаскенің шекарасын түзету, атап айтқанда, оның аумағын 1,82 гектарға қысқарту туралы әкімдіктің қаулысы қабылданып, университет иелігінде 71,44 гектар ғана қалды.
Нәтижесінде учаскенің кесілген бөлігі «Omirex» ЖШС – 0,74 га, инженерлік желілер («Алматы су» МКК, «Алматы жылу желілері» ЖШС, «Қазпочта» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ) – 0,56 га және Ширин Мұстафаев – 0,52 га жер учаскесінің иелігіне өтті.
Соңғысы, «Құрмет» орденінің иегері және Қазақстан күрдтерінің Барбанг қауымдастығының «Жыл адамы» номинациясымен марапатталды. Өкінішке орай, Ширин Мұстафаев 2020 жылы коронавирустан қайтыс болды.
Бас прокуратура Алматы қаласы әкімдігінің «Omirex» ЖШС-не жер телімін заңды айналып өтіп, жер учаскесін бергенін, Жер кодексінің екі бабы бойынша берілген жер учаскесінде элиталық бизнес орталығын салу жоспарланған болатын.
«Алматы қаласының әкімдігі «Omirex» ЖШС бұл учаскені тендерсіз және ҚазҰУ жер пайдалану құқығын тоқтатқанға дейін берген» делінген Бас прокурордың ресми жауабында.
Осыған байланысты Алматы қаласының прокуратурасымен 2022 жылғы 11 мамырда заң бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым жіберілді. Ол қарастырылуда. Көп ұзамай заңсыз таңдалған жерлер университет иелігіне қайтарылады.
«Omirex» ЖШС – есеп айырысу және бухгалтерлік есеп саласында қызмет көрсететін компания. Серіктестіктің құрылтайшысы – ашық дереккөздерде ол туралы ақпарат жоқ белгілі Шынар Елимисова және «Joint Technologies» ЖШС. Соңғы компания «Кипрос» ЖШС құрылымына кіреді, ол өз кезегінде Назарбаевтың қызы Динара Құлыбаева мен оның күйеуі Тимур Құлыбаевқа тиесілі.