Саясат 26.05.2022 сағат 17:00

Тамара Дүйсенова зейнет жасын төмендету ұсынысына қатысты пікір білдірді

Ал егер біз зейнет жасын төмендететін болсақ, онсыз да еңбек өтілі төмендеп келе жатыр, зейнетақы да өте төмен болады.
Тамара Дүйсенова зейнет жасын төмендету ұсынысына қатысты пікір білдірді
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова зейнет жасын төмендету ұсынысына қатысты пікір білдірді.

«Жалпы зейнетақы жүйесі туралы айтылған кезде сіздер бір нәрсені білгеніңіз жөн. Біз 1998 жылы зейнетақы жүйесін реформаладық. Сол реформаға сәйкес, 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін еңбек өтілі бар азаматтар ғана мемлекеттен еңбек зейнетақысын алады, содан кейін оған қосымша базалық зейнетақыны алады. Ал егер біз зейнет жасын төмендететін болсақ, онсыз да еңбек өтілі төмендеп келе жатыр, зейнетақы да өте төмен болады» деді Тамара Дүйсенова.

Ол азаматтар зейнетке ерте шыға алатындарын еске салды.

«Сондықтан азаматтар 1998 жылдан кейін жинақтаушы зейнетақыға өз уақытында қосылып отырса, жарнасы дұрыс болса, 63 емес, тіпті 50 жасында зейнетке шығып кетуге мүмкіндігі бар деп заңда жазылып қойған. Сондықтан да азаматтардың ең негізгі жұмысы – зейнетақы жүйесіне уақытында қосылып, уақытында жарнасын төлеп отырса, зейнетке ерте шығуға толық мүмкіндігі бар. Бұл әйелдер ғана емес, ер адамдарға да қатысты» деді Еңбек министрі.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар