Әдеп жөніндегі кеңес Павлодар облысы Ақсан ауылдық округінің әкіміне ауыл тұрғындарымен дөрекі сөйлескені үшін қатаң сөгіс алғаны белгілі болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Әкімнің ауыл тұрғындарымен дөрекі сөйлеген сәтін куәгерлер видеоға түсіріп алып, Instagram-да жариялап жіберген. Осы видеодан кейін әкімге қатысты тәртіптік іс қозғалады.
"Ауыл тұрғындарымен өткен жиында Кенжебек Дүйсенбаев тұрғындармен дөрекі сөйлескен. Әдеп жөніндегі кеңестің шешімімен Баянауыл ауданының әкіміне, аудан әкіміне Қ.Дүйсенбаевқа қатаң сөгіс жариялау туралы хат жолданды", - деді Павлодар облысы Мемлекеттік қызмет істері департаменті.
Әдеп кеңесінің отырысында ауыл әкімі әдепсіз әрекетке барғанын мойындап, кешірім сұрады.
"Бұл менің қателігім, эмоциямды тежей алмағанымды мойындаймын. Кешіріңіздер. Бұл әрекет енді қайталанбайды", - деді ол.