$ 494.87  520.65  4.91

«Темірден жаралған жоқпын»: Бозымбаевтың Алматы тұрғынымен болған дөрекі әңгімесі жарияланды (ВИДЕО)

Дауыс тоныңызды өзгертіңіз. Бүкіл облыс бойынша солай.

Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев пен облыс тұрғындарының сөйлескен сәті желіде тарады. Видеода тұрғындардың бірі әкімнен газға қатысты жауап талап еткен. Дауысын көтеріп сөйлеген әйел Бозымбаевқа жақпай қалды.

Бейнежазба Life.kz YouTube-арнасында жарияланды.

Бейнекадрда Есік қаласының тұрғыны газдың жоқтығына шағымданады, бірақ айтар ойын ұзақ уақыт бойы жүйелей алмайды. 
"Сіз мені бүгін... Сіз менімен дөрекі сөйлесіп жатырсыз. Мен адам емес сияқтымын. Сөзімді бірден бөліп жатырсыз", –  деді ол.

"Мен сізбен дұрыс сөйлесіп тұрмын, тек сіз ұзақ сөйлеген соң, тезірек айтқызуға тырыстым", – деді әкім.

Одан кейін тұрғын небәрі екі модульдік қазандық салынғанын айтып, қалған он бес қазандыққа бөлінген қаражаттың қайда кеткенін сұрады. Бозымбаев қаржының облыстық бюджеттен бөлінетінін және шектеулі екенін атап өтті. Оның үстіне, қаржы облыстың әр ауданынан түскен өтініштерге кезекпен беріледі деді ол. 

"Сонымен бізде газдандыру қашан аяқталады?" – деп сұрады әйел. 
"Дауыс тоныңызды өзгертіңіз. Бүкіл облыс бойынша солай. Сіз айдан түскен жоқсыз ғой. Тұрғындардың 60 пайызы газбен қамтамасыз етілген. Өкінішке қарай, біз әлі толықтай газдандырылмаған елміз", –  деді Бозымбаев. 

Алайда әкімнің берген жауабына әйел тағы қанағаттанбады. 
"Бірден осылай түсінікті тілде жеткізуге болмайды ма?" – деп Бозымбаевтың сөзін бөлді ол. 

Әкімнің айтуынша, барлық есеп баяндамада айтылған, алайда оны халық тыңдамаған. 

"Мен де адаммын ғой. Темірден жаралған жоқпын. Түрлі проблемалар көп. Ақырындап газдандыру жұмыстары жүреді. Неге бюджет есебінен жасамаймын деп сұрайсыздар. Бюджеттің ақшасы ешқашан жетпейді. Кейбір ірі аудандарда менің ізашарларым мемлекеттік-жеке серіктестік арқылы бұл схеманы жүзеге асырды. Жеке компаниялар ақша құйды, енді олар тариф арқылы сол ақшаны қайтаруы керек", – деді Бозымбаев. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары