$ 494.87  520.65  4.91

Президент бейнеүндеуінің толық мәтіні жарияланды

Біз Ата Заңымыздың 30-дан астам бабына өзгеріс енгізгелі отырмыз.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына үндеуінің толық мәтіні жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Құрметті отандастар! Қазақстан өте маңызды әрі бетбұрысты кезеңге қадам басқалы тұр. 5 маусымда азаматтарымыз жалпыұлттық референдумда дауыс береді. Конституцияға түзетулер енгізу мәселесі бойынша шешім қабылдайды. Бұл - мемлекеттің және бүкіл қоғамның болашағын айқындайтын жауапты сәт. Ел тағдыры ешкімді бейжай қалдырмайтыны анық. Біз қазір барлық саланы жаңғыртуға кірістік. Осы жолда мемлекетті басқару үлгісін түбегейлі өзгерту қажеттігі туындады. Сол себепті мен наурыздағы Жолдауымда саяси жаңғырудың ауқымды бағдарламасын ұсындым. Оның басты мақсаты - елімізді одан әрі демократияландыру, халықтың мемлекетті басқару ісіне қатысу мүмкіндігін кеңейту.

Сондай-ақ, үкіметтің тиімділігін арттыру, бұл өзгерісті толық жүзеге асырсақ, ықпалды Парламенті бар президенттік республика үлгісіне біржола көшеміз. Конституциялық реформа адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау жүйесін барынша күшейтеді. Сонымен бірге, еліміздегі саяси бәсекенің әділ және ашық болуын қамтамасыз етеді. Біз Ата Заңымыздың 30-дан астам бабына өзгеріс енгізгелі отырмыз. Оның бәрі азаматтарымыздың мүддесіне толық сай келеді. Осылайша, мемлекетімізді түбегейлі жаңғыртамыз. Сол арқылы екінші республиканың негізін қалаймыз.

Уважаемые соотечественники, в истории нашей страны изменение в Конституции будут вноситься через общенародный референдум. Проведение референдума является важным шагом на пути построение в Казахстане развитого, демографического общество. В течение месяца в стране шло активное обсуждение и разъяснение проекта конституционных поправок.

Конституционная реформа вызвало широкий отклик в обществе. Все ее положение направлены не на увеличение привелегий и полномочий президента, а на укрепление системы издержек и противовесов между ветвями власти, защиту интересов прав и свобод всех граждан.

Уверен, всенародное волеизъявление по конституционным изменениям заложит прочный фундамент нового, справедливого Казахстана. Вместе мы сделаем реальностью новый Казахстан, в котором социальный справедливость будет главной ценносью и несущий конструкции нового общественного договора.

Референдум станет проверки нашего общество на гражданскую зрелость и политическую сознательность. Центральная комиссия референдума и другие уполномоченные государственные органы обеспечить неукоснительные соблюдение всех норм выборного законодательства. Ход голосовании будут отслеживать международные наблюдатели и представители общественных объединении нашей страны. Ваш голос на избирательном участке станет важным и возможно решающим в определении новых, честных и понятных правил общественные жизни. Придя на избирательный участок вы продемонстрируйте высокий уровень консолидации и сплоченность нашего народа условие без прецедентных геостратегический неопределенности и необходимости решении сложных задач стоящий перед нашей страной. Мы должны быть сильны своим единством и солидарностью.

Подлинная демократия предпалагает активное и созидательное участие в общем деле каждого гражданина. Голосуя за новые поправки вы скажете решительное "нет" коррупции, нипотизму, монополии в политике и экономике. Призываю вас, уважаемые сограждане сделать свой исторический выбор которое определит вектор развития Казахстана. Каждый из вас является неотъемлимой частью единого народа Казахстана и способен повлиять на будущее всей нации. А значит на свою судьбу. Именно от вас зависит судьба родины.

Алдағы референдум мемлекетімізді нығайтуға және қоғамды тың серпінмен дамытуға жол ашады. Мен әрбір азаматымызды ел тағдырын айқындайтын тарихи таңдау жасауға шақырамын. Бұл референдумда әр азаматтың дауысы маңызды. Әрбір азамат тұтас ұлт тағдырына яғни тікелей өз тағдырына оң ықпал ете алады. Ендеше, 5 маусым күні өз таңдауымызды жасайық. Жаңа Қазақстанды бәріміз бірге құрайық", - деді Президент. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары