Президент Қасым-Жомарт Тоқаев референдумда дауыс берді. Мемлекет басшысы өз таңдауын Оқушылар сарайы ғимаратындағы учаскеде жасаған.
Республикалық референдумда 9 964 сайлау учаскесінде дауыс беру өтіп жатыр.
Референдумда ел тұрғындары Конституциядағы түзетулердің болу не болмауына дауыс береді. Яғни бюллетенде тек бір сұрақ: "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасында баяндалған Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыруларды қабылдайсыз ба?". Сұраққа "иә" не "жоқ" деп жауап беруі керек.