$ 498.34  519.72  4.85

«Бюллетеньдерді қоқысқа тастап жатыр»: желіде дауыс беру учаскелерінің бірінде түсірілді делінген ВИДЕО тарады

Бұл кадрлар бүгін, 5 маусымда республикалық референдум кезінде түсірілген деген болжам бар.

Telegram арналарында бюллетеньдерді қоқысқа салып жатқаны түсірілген видео таралуда.

Бұл кадрлар бүгін, 5 маусымда республикалық референдум кезінде түсірілген деген болжам бар. Алайда бұл жалған ақпарат. Шындығында бұл видео 2009 жылы Қырғызстанда президент сайлауы кезінде түсірілген.

Видеоны интернеттен табуға болады. Желі қолданушылары жазғандай, заң бұзушылық Бақай-Ата ауданындағы №6071 сайлау учаскесінде болған. Оның бүгінде Қазақстанда өтіп жатқан референдумға еш қатысы жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#референдум