$ 445.66  474.58  4.78

Референдум: 7 624 641 адам дауыс беріп үлгерді

Республика бойынша бас-аяғы 10 013 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді.

Республика бойынша сағат 18:00-дегі жағдайға сәйкес референдумға қатысу құқығы бар 7 млн 624 мың 641 азамат дауыс берді. Бұл туралы Орталық референдум комиссиясының мүшесі Шавкат Өтемісов хабарлады.

«Жалпы республика бойынша 7 млн 624 мың 641 азамат бюллетень алды. Бұл тізімге енгізілген азаматтардың 65,4% құрады», - деді Шавкат Өтемісов.

Айта кетерлігі, референдумда дауыс беруге құқылы азаматтардың тізіміне 11,7 млн сайлаушы қосылған.

Республика бойынша бас-аяғы 10 013 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді. Қазақстандықтар сондай-ақ шетелдерде дауыс беруге құқылы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#референдум