$ 494.87  520.65  4.91

Мемлекет басшысы Одиль Рено-Бассомен кездесті

Сондай-ақ, олар әлемдік экономиканы дамытудың өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Мемлекет басшысы Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассомен кездесті. Кездесу барысында елімізде инфрақұрылым, транзиттік тасымал, экономиканы көміртегінен арылту, экономика және қаржы секторы салаларындағы бірқатар инвестициялық жобаны жүзеге асырудың перспективалары талқыланды, деп хабарлайды Ақорда.

Сондай-ақ, олар әлемдік экономиканы дамытудың өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Одиль Рено-Бассо Қасым-Жомарт Тоқаевты жалпыұлттық референдумның сәтті өтуімен құттықтап, оның нәтижелері шетелдік инвесторлардың елімізге деген сенімін одан әрі нығайта түсетінін атап өтті. 

Сонымен қатар, Қазақстан экономикасын дамытудың және елдің қаржы жүйесін нығайтудың перспективалары туралы көзқарасын білдірді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары