Бүгін «АрселорМиттал Теміртау» цехтарының бірінде металлургиялық пешті жөндеу кезінде 5 жұмысшыны топырақ басып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
2022 жылғы 10 маусымда «Құрылысмет» ЖШС («АМТ» АҚ еншілес кәсіпорны) мастер-пресс цехының жұмыс істемейтін №9 термиялық пешінде отқа төзімді құрылысты бөлшектеу кезінде шатыр опырылып құлаған.
«Пеш күмбезінің құлауы салдарынан (көлемі - 5х5х10м) «АрселорМиттал Теміртау» АҚ металлургиялық пештерді жөндеу цехының 5 маманы үйінді астында қалды. Оларды шығару жұмысы жалғасып жатыр», - деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
Қаза болғандар саны әлі белгісіз.