$ 494.87  520.65  4.91

Қырғыз бізге неге өкпелі?

«Қордай» мен «Қарасу» тексеру бекеттерінде Қазақстан шекарашылары Еуразиялық Экономикалық одақ принциптеріне сай емес жұмыс жасайды» деген болатын Қырғызстан тарапы.
фото: ашық дереккөзден
фото: ашық дереккөзден

Қазақ-қырғыз шекарасы екі ел арасындағы басты шешімін таппаған мәселенің бірі. Бұл тіпті президенттер кездесуінен кейін де, оң шешімін таба қоймады. Қазақстан мен Қырғызстан үкіметтері өзара келісімдер жасаса да, шекарадағы кептеліс оң шешімін табар емес деп жазады abai.kz сайты. 

«Қордай» мен «Қарасу» тексеру бекеттерінде Қазақстан шекарашылары Еуразиялық Экономикалық одақ принциптеріне сай емес жұмыс жасайды" дейді Қырғызстан тарапы. Бұл туралы Қырғызстанның экономика және коммерция министрлігі хабарлады.

Қырғызстан шекарадағы тексеру бекеттеріне Еуразиялық Экономикалық одақ мүшелерімен бірге тексеріс жүргізу кезінде нақты фактілерді көріп, ереже бұзу жайттарын анықтадық дейді. Қазақстан барлық көлікке салық салатынын атап өтіпті.

ҚР шекара қызметінің қызметкерлері 2022 жылдың мамыр айында "Қарасу" өткізу бекетінен 22369 жүк көлігі өткенін атап өтті. Орташа алғанда әрбір 5 минут сайын бір жүк көлігі өтеді деген сөз.

«Қазақстан Республикасының шекара қызметі мен ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми мәлімдемесіне сәйкес, бір жүк көлігін «Қарасу» өткізу бекеті арқылы өткізу уақыты шамамен 15-20 минутты құрайды. Мамыр айында шамамен 22 880 көлік өтуі керек еді. Қазақстандық тарап ұсынған бұл сәйкессіздіктер қате деп танылды. Делегация қазақстандық тарап ұсынған деректердің дұрыс емес және күмәнді екенін атап өтті», - делінген хабарламада.

Экономика министрлігі делегация мүшелері қырғыз тарапы ЕАЭО туралы шарттың барлық нормаларын сақтайтынына сенімді екенін атап өтті. Жиынға қатысушылар қазақстандық тарапты одақ туралы келісімнің нормалары мен ережелерін сақтауға және кедергіні жою үшін кешенді шаралар қабылдауға шақырды.

Алайда Қазақстан тарапы Қырғызстанның айыптауларын жоққа шығарып, Қырғызстан көліктері сәйкес емес құжатпен келетінін айтады. Бұл шекарадағы тексерісті арттыратынын айтады.

Қазақстан мен Қырғызстан басшылары 26 мамырда кездесіп, шекара мәселесін шешу туралы уағдаласты. Қосымша жүк көліктерін өткізу бекеттерін ашатыны да айтылды, алайда мәселе әлі шешілмеді. 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi: «ЕАЭО елдерімен шекарада тек шекаралық және экспорттық бақылауды жүзеге асыратынын, бұл ЕАЭО туралы Шарттың негізгі қағидаттары мен нормаларына, сондай-ақ ұлттық заңнамаға қайшы келмейтінін атап өтті. Көрсетілген шаралар жүк автокөлік құралдарының қозғалысына кедергі келтірмейді.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың ақпан айында тараптар арасында өзара саудада тасымалданатын жүкке арналған электрондық шот-фактураларды (ЭШФ) пайдалану қажеттілігі туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Тараптардың фискалдық органдары бизнес субъектілері арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуге міндеттенді. Бұл ретте, ЭШФ пайдалану жөніндегі міндеттеме тараптардың заңнамаларында бекітілген. Алайда, бұл келісімді Қырғыз Республикасының жөнелтушілері сақтамайды», - хабарлайды. 

Жүк тасымалдаушылардың айтуынша, қырғыз тарапында мерзімді жиналу шекарадан өту алдында тасымалданатын жүктерге құжаттарды ресімдеуді күту себебінен туындайды деп отыр министрліктегілер. 

Өз кезегінде, ЭШФ-ның болмауы көлеңкелі сауданың айқын белгісі, тиісінше жөнелтуші елдегі табысқа салынатын салықты жасыру және алушы елдегі ҚҚС-тан жалтару.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының салық органдары Салық кодексінің нормаларына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында қауіпті жүк автокөлік құралдарына тексеру жүргізеді.

«Биылғы 5 айдың Қазақстан Республикасының аумағында 4,7 мың жүк автокөлік құралдары немесе Қырғыз Республикасынан өткен жалпы санының 4% тексерілген, бұзушылықтар 99%-да белгіленді. Жалған акциздік маркаларды, майнингтік жабдықтарды, электрондық темекі мен басқа да тауарларды тиісті ресімдеусіз әкелу жағдайлары анықталды», - дейді Қазақстанның Қаржы министрлігі. 

Сонымен қатар, олардың мәлімдеуінше, шекарадағы өткізу пунктінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары тексеру іс-шараларын жүргізбейді. 

«Заң бұзушылықтарды анықтау бойынша мемлекеттік кірістер органдарының жұмысын ұйымдастыру кездесуге қатысушыларға көрнекі түрде көрсетілді. Барлық анықталған бұзушылық фактілері туралы Қырғыз Республикасының фискалдық органдарына хабарланғанын атап өту қажет. ЕЭК өкілдерінің жұмыс сапарының қорытындылары ағымдағы жылғы 8 маусымда өткен Келіспеушіліктер мен даулы жағдайларды жою және ЕАЭО-да тауарлардың еркін өткізілуін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі Комитеттің отырысында талқыланды. ЕЭК өкілдері өз сөзінде Қазақстан Республикасы өткізу пункттерінде кедендік бақылауды жүзеге асырмайтынын атап өтті. Отырыс қорытындысы бойынша комиссия Қырғыз тарапына қажет болған жағдайда өткізу пункттері арқылы жүк тасымалына ішкі салықтық бақылауды ұйымдастыру бойынша қосымша шаралар қабылдауды ұсынды. Сондай-ақ, тараптарға тауарлар туралы ақпарат алмасуды жетілдіру және бұрын қол жеткізілген екіжақты уағдаластықтардың іске асырылуын қамтамасыз ету ұсынылды» деп жазады Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары