$ 444.22  476.38  4.82

Президент осы аптада Ұлытау, Санкт-Петербург және Тегеранға барады

Мемлекет басшысының осы аптадағы жұмыс кестесі жарияланды.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Маусымның 16-ы күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан құрылған Ұлытау облысының орталығында өтетін Ұлттық құрылтайдың бірінші отырысына қатысады, деп хабарлайды  Skifnews.kz.

БОРТ 1 телеграм каналының мәліметінше, маусымның 17-і күні Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путиннің шақыруымен Петербор халықаралық экономикалық форумының 25-мерейтойлық жиынына қатысады. Мемлекет басшысы Форумның пленарлық отырысына қатысып, бірқатар екіжақты кездесу өткізеді деп жоспарланған.

Ал 19 маусымда Президент Иран Ислам Республикасының Президенті Ибрахим Раисидің шақыруымен Иранға ресми сапармен барады. Тегеранда жоғары деңгейде екіжақты кездесулер өткізу және бірқатар үкіметаралық құжатқа қол қою жоспарланып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары