Қазақстанның Тұңғыш Президенті Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен кездесті, деп хабарлайды Skifnews.kz elbasy.kz сайтына сілтеме жасап.
Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен кездесіп, елдің ұлттық мерекесі – Ресей күнімен құттықтады. Кездесуде Қазақстанның Тұңғыш Президенті мен Ресей Федерациясының Президенті екі ел арасында қарым-қатынас орнағанына 30 жыл толуына орай бір-біріне жылы лебіздерін жеткізді.
Тараптар Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығы тең дәрежедегі диалог негізінде дамып келе жатқанын атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин бір-біріне мықты денсаулық және амандық тілеп, арадағы достық байланыс алдағы уақытта да Қазақстан мен Ресей халықтарының игілігі үшін жалғасын табады деген сенім білдірді.