$ 494.87  520.65  4.91

Расул Жұмалы елші болып тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Расул Жұмалы Қазақстан Республикасының Ливан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды.

Бұрынғы дипломат, саясаттанушы Расул Жұмалы Қазақстанның Ливандағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі жариялады.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Расул Берекетұлы Жұмалы Қазақстан Республикасының Ливан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды", делінген ресми ақпаратта.

Расул Жұмалы 1971 жылы туған. Ол бұған дейін де Қазақстанның Египеттегі, Израильдегі елшілігінде жұмыс істеген, 2004-2005 жылдары Қазақстанның Біріккен араб әмірлігіндегі бас консулы, 2006-2007 жылдары Қазақстанның Ливиядағы дипломатиялық миссиясының басшысы болған, Қазақстан сыртқы істер министрлігінде түрлі қызмет атқарған.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары