$ 448.15  483.46  4.86

Самокаттардың жаяу жүргіншілер жолағымен қозғалғанына қарсымыз - ІІМ

Жандос Мұратәлиев жыл сайын электр самокаттарына қатысты жол-көлік оқиғаларының саны артып келе жатқанын айтты.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұратәлиев электр самокаттардың қозғалысына рұқсат етілетін жолдарға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі кезде электр самокаттарына велосипед жолағымен, қоғамдық көлік жолағымен жүруге рұқсат. Атап айтқанда, самокаттардың жолмен жүруіне толықтай шектеу қоя алмаймыз. Сондықтан велосипедтер сияқты жолдың оң жоқ жиегімен жүруге рұқсат беріліп отыр. Бірақ біз оладың жаяу жүргіншілер жолағымен қозғалғанына қарсымыз», - деді Ж.Мұратәлиев елордада өткен баспасөз мәслихатында.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстанда электр самокаттарды пайдаланудың ұлттық стандартының жобасы әзірленді. Аталған стандарт самокаттардың жылдамдығы мен басқа да қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін реттейді.

Осы орайда бұл құрылғыларда міндетті түрде жарық шамдарының болуы сияқты талаптар ескеріледі. Осы стандарттың аясына жылдамдығы сағатына 25 шақырымнан аспайтын электр самокаттары қамтылады. Жандос Мұратәлиев жыл сайын электр самокаттарына қатысты жол-көлік оқиғаларының саны артып келе жатқанын айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары