Шілдеде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтетіні белгілі болды.
«Алдымыздағы шілде айында Мемлекет басшысының төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді. Онда еліміздің бірінші жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дамуын қорытындылаймыз. Сондай-ақ инфляция мен инвестиция мәселелері көтеріледі. Барлық министрлер мен әкімдер осы отырысқа дайындалуы керек. Алты айдың қорытындысын біз жаңа үш облысты қоса отырып, жиырма өңір бойынша толықтырып жасаймыз», – деп атап өтті Премьер-министр Әлихан Смайылов бүгінгі өткен Үкімет отырысында.