$ 444.22  476.38  4.82

Досым Сәтпаев өзіне «балабол» деп атаған Айдос Сарымға жауап берді

«Жігіт» бұл депутаттық төсбелгі сияқты іліп қоюға болатын медаль емес.
Фото: orda.kz
Фото: orda.kz

Саясаттанушы Досым Сәтпаев өзін «балобол» деп атаған депутат Айдос Сарымға жауап берді.

"Саяси ұстанымын ауыстыру шебері болған депутат менен жігітсің бе деп сұрай ма? Айдос, екеуміз үшін жігіт сөзінің мағынасы әр түрлі. Мен үшін жігіт өз ойын ашық айта алуы керек. Жігіт біреудің айтқанын істеп, ұстанымын өзгертпей, өз сөзіне жауап бере алуы тиіс. «Жігіт» бұл депутаттық төсбелгі сияқты іліп қоюға болатын медаль емес. Нақты істерге келетін болсақ, менің саясаттанушы ретіндегі жұмысым – біздің саяси жүйенің жаман жақтарын ашып қана қоймай, шара ұсыну", – деді саясаттанушы.

Айта кетейік, депутат Айдос Сарым Astana HUB аналитика мектебінде сөйлеген сөзінде саясаттанушы Досым Сәтбаевтың кемшілігін айтқан еді.

"Досым, сен жігітсің бе, өзі? Сіз одан талап етуіңіз керек. Досым, сынайсың – жақсы. Солармен екі күн отырып, құжат әзірле. Сонда сен жігіт боласың. Енді сіз балаболдың серіктесісіз. Мен тағы да қайталаймын. Ғаламторға пост жазып, ұпай жинайтындардың уақыты өтіп кетті. Біз өзімізге ұнайтын қайраткерлермізді, енді қоғам мақсаттары үшін жұмыс істеуге мәжбүрлеуіміз керек. Бір айтқан соң, істе", – деді депутат.

орда.кз

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары