$ 445.66  474.58  4.78

«Қытай Тайваньға басып кіруге дайындалып жатыр» – БАҚ

Бейжің «арнайы операция» деген желеумен Тайваньға басып кіруі ғажап емес. Қытай басшысының жарлығы бүгін, 15 маусымда күшіне енді.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Қытай басшысы Си Цзиньпин елдің қарулы күштерін "әскери емес" мақсатта пайдалану жөніндегі жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Radio Free Asia.

Басылымның жазуынша,  Бейжің «арнайы операция» деген желеумен Тайваньға басып кіруі ғажап емес. Қытай басшысының жарлығы бүгін, 15 маусымда күшіне енді.

«Синьхуа» агенттігінің жазуынша, құжат «ұлттық егемендікті қолдау, аймақтағы тұрақтылық, бейбіт әскери операция жүргізу» секілді алты бөлімнен тұрады.

Жуырда Украина президенті Владимир Зеленский «Шангри-Ла диалогы» қауіпсіздік жөніндегі форумда сөйлеген сөзінде Тайваньдағы жағдайды қан төгуге әкелмей, дипломатиялық жолмен шешуге шақырған еді.

Тайван ешқашан Қытай Халықтық Республика құрамына кірген емес. Бірақ Бейжің Тайваньды өз аумағының бір бөлігі деп есептейді. 

Батыс елдері мен Жапония Қытай Ресейдің Украинаға басып кіру сценарийін қайталауы мүмкін деп қауіптенеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары