15.06.2022, 15:30

Тоқаев Қазақстан қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде ҰҚШҰ күштерінің көмегі үшін Ресейге қарыздар деген ақпаратты жоққа шығарды

Фото: ашық дереккөз
Ол сондай-ақ, «Қазақстан Еуразиялық одақ шығады» деген қауесеттер шындыққа жанаспайтынын жеткізді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Россия 24»-ке берген сұхбатында қаңтар айындағы оқиғалар кезінде Ресей Қазақстанды «құтқарды» деген мәлімдемеге жауап берді. 

Тағы оқыңыз: «Қаңтар оқиғасы кезінде резиденцияда түнедім» – Тоқаев

«Ресейде кейбір адамдар Ресей Қазақстанды «құтқарып қалды» деп мәлімдеп, бұл жағдайды бұрмалап жүр. Сол үшін Қазақстан енді Ресейге мәңгі «қызмет етіп, тағзым етуі керек» дейді. Менің ойымша, бұл шындыққа жанаспайтын әңгімелер. Біз ҰҚШҰ–ның белсенді мүшесіміз», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ол сондай-ақ, «Қазақстан Еуразиялық одақ шығады» деген қауесеттер шындыққа жанаспайтынын жеткізді.