Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Россия-24» телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді.
Бастапқыда ең алдымен экономика, одан кейін барып саясат деп санаған формуланың ресурсы түгесілді. Десек те, 1990 жылдардың басында бұл формуланың пайдасы орасан екендігін көрдік. Мен бізге саяси өзгерістер қажет екенін ұқтым. Себебі адамдардың азаматтық белсенділігін «босату» керек болды. Бұл қоғам тарапынан үлкен сұранысқа ие еді. Мен істің мән-жайына қарай саяси реформаны қолға алдым. 2019 жылы бейбіт жиналыстар өткізу туралы заңды әзірлеуге кірістік, - деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.
Тағы оқыңыз: «Қаңтар оқиғасы кезінде резиденцияда түнедім» – Тоқаев
Сонымен қатар, ол 5 маусымда өткен референдумды не үшін өткізгенін түсіндіріп өтті.
Одан кейін әйелдерге 30% квота енгізілді. Парламенттік реформалар басталды. Ал референдумға қатысты айтар болсам, референдум – мен Қазақстандағы саяси құрылымды өзгерту мақсатында қолға алған науқанның жалғасы. Шын мәнінде, біз суперпрезиденттік басқару жүйесінен алшақтауымыз керек, - деді Мемлекет басшысы.