$ 494.87  520.65  4.91

«Қазақстанда орыс тілінің ұстанымдары өзгерген жоқ» - Тоқаев

Қазақтарға орыс тілі болмаса өте қиын болатынын анық түсінеміз, бірақ өз тілімізді де білуіміз керек, - деді Президент.
Фото: akorda.kz
Фото: akorda.kz

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі орыс тілінің рөлі туралы айтты. Бұл туралы туралы президент ресейлік «Россия 24» телеарнасына берген сұхбатында айтты.

Тағы оқыңыз: Тоқаев Қазақстан қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде ҰҚШҰ күштерінің көмегі үшін Ресейге қарыздар деген ақпаратты жоққа шығарды

Қазақстанда орыс тілінің ұстанымы бұзылып жатыр дегендер шындыққа қатты жанаспайды. Орыс тілінің ұстанымдары өзгерген жоқ. Тағы бір айта кетерлігі, елімізде қазақ тілінде білім беруге сұраныс артқан. Қазақтарға орыс тілі болмаса өте қиын болатынын анық түсінеміз, бірақ өз тілімізді де білуіміз керек, – деді Тоқаев.

Тағы оқыңыз: «Қаңтар оқиғасы кезінде резиденцияда түнедім» – Тоқаев

Сонымер қатар, Тоқаев қаңтар оқиғасы кезінде оған Қазақстаннан кетуге кеңес бергені туралы да сөз қозғады.

Барлық төңкерістердің мақсаты, басқа адамдардың билікке келуі дейік. Маған келетін болсақ, сол күндері (қаңтар оқиғалары) осында, президент резиденциясының ғимаратында болдым, ешқайда кеткен жоқпын. Осында түнеп шықтым, – деді Тоқаев арнаға берген сұхбатында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары