16.06.2022, 11:00

Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан құрылған Ұлытау облысына жұмыс сапарымен келді

Фото: ашық дереккөз
Мемлекет басшысына аймақ әкімі Ұлытау облысы мен Жезқазған қаласын дамыту жөніндегі жоспарын таныстырады.

Президентті өңір орталығы Жезқазған қаласында Ұлытау және Қарағанды облыстарының әкімдері Берік Әбдіғалиұлы мен Жеңіс Қасымбек күтіп алды, деп хабарлайды Ақорда.

Президент баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, Қасым-Жомарт Тоқаевқа аймақ әкімі Ұлытау облысы мен Жезқазған қаласын дамыту жөніндегі жоспарын таныстырады.

Тағы оқыңыз: Бүгін Ұлытау төрінде Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы өтеді

Түстен кейін Президент Жошы хан тарихи-мәдени кешеніне барып, Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысына қатысады.