$ 448.15  483.46  4.86

Бүгін Ұлытау төрінде Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы өтеді

Кеше Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық құрылтай құрылды.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Бүгін Ұлытау облысы Ұлытау ауданында Президент жанынан құрылған Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Араға ширек ғасыр салып облыс мәртебесін қайта алған Ұлытау өңірінде ҚР Президенті жанынан құрылған Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы өтеді. Кеше Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық құрылтай құрылды.

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің орнына құрамы жағынан одан да ауқымды Ұлттық құрылтай институты құрылатыны ең алғаш ресми түрде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 16 наурыздағы халыққа Жолдауында айтылған болатын. Кейін Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІ сессиясында бұл институт жалпыұлттық диалогтің әмбебап моделіне айналатынын айтып, құрамына кімдер кіретінін атаған еді. Ұлттық құрылтайдың қайтадан құрылымдалған Ұлытау өңірінде өтетіні 6 маусымда белгілі болған.

Ұлттық құрылтайдың қазіргі құрамында Мәжіліс депутаттары мен ҚХА мүшелерінен, азаматтық қоғам мен саяси партия өкілдерінен, сарапшылар мен өңірлердегі қоғамдық кеңес мүшелерінен, кәсіпкерлерден жасақталған 117 адам бар. Солардың бір парасын атасақ, ақын Мұхтар Шаханов, қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров, академик Асқар Жұмаділдаев, экономист Жақсыбек Күлекеев, саясаткер Әлихан Бәйменов, журналист, медиа-менеджер, қоғам қайраткері Ермұрат Бәпи, Парламенттің бірнеше шақырылымының депутаты Нұртай Сабильянов, балуан Дәулет Тұрлыханов, ғалым-биотехнолог Күнсұлу Закария, дінтанушы Қайрат Жолдыбай, ғалым Анар Фазылжанова сияқты есімдер бар.

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің жазбасына сүйенсек, құрылтай жұмысына қатысушылар ауыстырылып отыруы мүмкін. Оның айтуынша, Ұлттық құрылтайдың жұмысы оның құрамына кірген 117 адамның ұсыныс-пікірімен шектеліп қламайды. Ол үшін арнаулы онлайн-платформа әзірленген көрінеді. Яғни, азаматтар осы платформа арқылы Ұлттық құрылтай хатшылығына ұсыныс жіберуге мүмкіндік алмақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары