$ 498.34  519.72  4.85

Президент Ұлытаудың етегінде рәміздер алаңын ашуды тапсырды

Қасиетті өңірде көк байрағымыз асқақтап тұруы тиіс, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Фото: akorda.kz
Фото: akorda.kz

Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлытаудың етегінде рәміздер алаңын ашуды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ұлттық құрылтайдың Ұлытауда басталғаны дұрыс болды. Киелі өлкеміз Жаңа Қазақстанды құру жолындағы бірліктің символына айналды. Осы орайда мен тағы бір маңызды бастама көтергім келеді. Бұл жерде бүкіл рулардың таңбасы тасқа жазылған. Сол арқылы бабаларымыз ұлт бірлігін көрсеткен», - деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлытау жеріндегі Таңбалы тастың тарихи рөлі туралы Қаныш Сәтпаевтың айтқан қанатты сөзін мысалға келтірді.

«Қаныш Сәтпаев «Еліміздің ту тіккен жері – Таңбалы тас деген. Өкінішке қарай, қастерлі жазулар кейін әбден бүлінді. Ел азаматтары Ұлытауға ескерткіш қойып, тастағы таңбаларды жаңғыртты. Бірақ бұл жеткіліксіз деп ойлаймын. Мұндай қазақтың бірлігін әйгілейтін сәулетті нысан тұру керек. Мен әулие таудың етегінде мемлекеттік рәміздер алаңын ашуды тапсырамын. Қасиетті өңірде көк байрағымыз асқақтап тұруы тиіс», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары