Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Петербургтегі халықаралық экономикалық форумға қатысып жатыр. Жиында президент халықты сапалы және қауіпсіз тамақ өнімдерімен қамту мәселесін көтерді.
«Халықты сапалы және қауіпсіз тамақ өнімдерімен қамту ішкі тұрақтылықты сақтаудың бірінші кезектегі міндеті және факторы болып қала береді. Сенімді азық-түлік жүйесін құру үшін инновациялық шешімдер мен озық технологияларды енгізіп, азық-түлік шығындарын азайту маңызды», - деді Қазақстан Президенті.
Қ.Тоқаев азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәсілдерін барлық қатысушы мемлекеттердің қажеттіліктері мен мүдделерін ескере отырып, ЕАЭО-ны қоса алғанда, ұлттық деңгейлерде де, өңірлік бірлестіктер аясында да әзірлеу керегін айтты. «Ынтымақты жұмыс болмаса, осындай өте маңызды салада көзделген мақсаттарға жету қиын. Басқаша айтқанда, шектен тыс инфляциямен, азық-түлік тапшылығымен күрес – біздің ортақ міндетіміз. Қазір және таяу уақытта бізге бұдан маңызды мақсат жоқ, өйткені ол біздің азаматтарымыздың әл-ауқатына тікелей қатысты. Біздің мемлекеттеріміздің әлеуеті нарықтарымызды қажетті азық-түлік тауарларымен тұрақты және толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы сонымен қатар осы мақсатта Қазақстанда монополиясыз және сыбайлас жемқорлықсыз жаңа экономикалық ойын тәртібін құру қадамдары жүріп жатқанын атап өтті. Әрі осы орайда Президент бірінші кезектегі міндет инвесторлар құқығын, тұрақтылықты барынша қорғау мақсатында кәсіпкерлікті қолдау мен бизнес-климатты жақсарту болып отыр.
«Біздің дәстүрлі серіктестеріміздің алдында өзіміздің барлық міндеттерімізді толыққанды орындайтын боламыз. Менің ойымша, өңірдегі барлық елдердің тұрақты дамуы үшін ынтымақтастықтың жаңа көкжиектерін айқындап, біздің экономикалардың болашақ өсім нүктелерін қалыптастыру керек" деп атап өтті.
Президент өз кезегінде Еуразиялық экономикалық одақтың тиімділігіне де тоқталып өткен.
Біздің өңір елдеріне осы сын-қатерлерге дұрыс жауап тауып қана қоймай, олардан барынша пайда алуға тырысу маңызды. Сондықтан біз Еуразиялық экономикалық одақ аясында ынтымақтастықтың барлық әлеуетін іске асыруымыз керек.
Басқаша айтқанда, шектен тыс инфляция және азық-түлік тапшылығымен күрес - бұл біздің ортақ міндетіміз. Қазір және алдағы уақытта біз үшін бұдан басқа маңызды мақсат жоқ. Өйткені ол біздің азаматтарымыздың әл-ауқатына тікелей қатысты. Біздің елдеріміздің әлеуеті нарықтарымызды қажетті азық-түлік тауарларымен тұрақты және толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - деді президент.", - деп атап өткен Тоқаев Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы ынтымақтастықтың барлық әлеуетін кезең-кезеңмен жүзеге асыру қажет екенін баса айтты.