$ 494.87  520.65  4.91

Шымкентте аурухананың ауласында газ баллон жарылды

Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ.

Қаладағы Майлы Қожа көшесінде тұратын жергілікті халық түсте болған қатты жарылыстан шошып кеткен. Тұрғындардың бірі сағат 13:00 шамасында орын алған жәйтке қатысты төтенше жағдай қызметіне хабарласқан.  

Тиісті департамент мамандарының айтуынша,  облыстық клиникалық аурухананың ауласындағы бастырманың астында тұрған көмір қышқыл газ сақталған баллон жарылған.

Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ.  

Оқиға орнына өрт сөндіру қызметінің 21 қызметкері мен жеке құрам және 5 техника жұмылдырылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары