Саясат 18.06.2022 сағат 14:03

Президент орден мен марапат алмау жөнінде шешім қабылдады

Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Telegram-арналарда тараған ақпаратты растады.
Президент орден мен марапат алмау жөнінде шешім қабылдады
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев президенттік өкілеттілігі аяқталғанша отандық және шетелдік наградаларды қабылдамауды шешті.

Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Telegram-арналарда тараған ақпаратты растады.

Бүгін YEDILOV ONLINE Telegram-арнасында президенттң барлық наградадан бас тартқаны туралы ақпарат жарияланды. Оған сәйкес, кеше Санкт-Петербор қаласында Қасым-Жомарт Тоқаевты "Александр Невский" орденімен марапаттау туралы ұсыныс жасалды.

"Мемлекет басшысы оған көрсетілген құрмет үшін алғыс айтты. Бірақ ол президенттік өкілеттілігі аяқталғанша отандық және шетелдік наградаларды қабылдамауды шешті. Дәл осы себепке байланысты жақында Бішкек қаласына жасаған сапары барысында қырғыздың жоғары наградасы - I дәрежелі "Манас" орденінен бас тартқан болатын", - деп жазды Ербол Еділов.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар