$ 494.87  520.65  4.91

«Рубльді сатуды және сатып алуды шектеу керек!»: Депутат дабыл қағуда

Ресей азаматтары ақшасын алдымен теңгеге ауыстырып, содан кейін оны долларға айырбастап жатыр. Кейін көкқағазды қалтаға басып, Ресей рублін бізде қалдырып кете барады.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Аманжан Жамалов елдегі айырбастау орындарында Ресей ақшасының теңгеге қатысты арнайы бағамы болуы керек айтты, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Өйткені, қазір 1 рублдің құны 9 теңгеге дейін жеткен. Соның салдарынан Ресейден келетін импорттық өнімдердің бағасы 50 пайызға дейін қымбаттаған.

Бірақ, әлемдік нарықта санкцияларға байланысты Ресей ақшасына деген сұраныс мүлдем жоқ.

– Ресей азаматтары ақшасын алдымен теңгеге ауыстырып, содан кейін оны долларға айырбастап жатыр. Кейін көкқағазды қалтаға басып, Ресей рублін бізде қалдырып кете барады, – дейді депутат Жамалов.

Елдегі банктердегі Ресей ақшасының көптігі сонша тіпті оны айырбастау үшін арнайы комиссия да енгізіп қойған.

Мәжілісмен осыны ескеріп айырбастау орындарында рубль саудасын мүлдем тоқтатуды ұсынды. Ал, банк қазынасындағы Ресей ақшасын сыртқы қарызды өтеуге жұмсау керектігін алға тартты.

– Рубльді басқа валютаға айырбастайтын шетелдік азаматтар үшін капиталды доллармен немесе евромен алуға шектеулер енгізу қажет деп санаймын.

Екіншіден, айырбастау пункттерімен Ресей рублін сатып алуға және сатуға шектеулер енгізу керек.

Үшіншіден, Ресей нарығында рубль бағамының қалыптасу ерекшеліктерін ескере отырып, рубльдің теңгеге арнайы есептік бағамын қалыптастыру шараларын қабылдау қажет, – деді Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары