Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Қасымхан Алпысбайұлы жаңа қаулыға қол қойды.
4 шілдедегі «Алматы қаласы аумағында коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу шаралары туралы» қаулыға сәйкес, жабық үй-жайларда бетперде режимін енгізу ұсынылады. Сондай-ақ байланыста болған адамдарды, жүкті әйелдерді және екпе алу мүмкін емес адамдарды қашықтан жұмыс режиміне ауыстыру ұсынылады.
Жарлық 7 шілде сағат 00.00-ден бастап қолданысқа енгізіледі.
Құжаттың толық мәтінімен мына жерден танысуға болады.