$ 494.87  520.65  4.91

«Құйтырқы» схемалардың артында ықпалды тұлғалар тұрды»: Антикор

Қабылданған шаралардың нәтижесінде мемлекетке 430 миллиард теңге немесе шамамен 1 миллиард доллар сомасындағы активтер қайтарылыпты.
Фото: Tengrinews.kz
Фото: Tengrinews.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төрағасы Олжас Бектенов Қазақстандағы "құйтырқы" схемалардың артында табысын шетелде жасырған ықпалды тұлғалар тұрғанын айтты, Skifnews.kz ақпарат порталы.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің алқа отырысында Бектенов жалпы құны 57 миллиард теңге болатын 600-ден аса кірме теміржол мемлекеттік бақылауға алынғанын айтты.

"Шығынды тікелей өтеуден бөлек, әлеуметтік-экономикалық әсері де бар. Мысалы, теміржол тасымалдаушыларына тарифтер 14 есеге - 2200 теңгеден 147 теңгеге дейін төмендеген. Мұндай "құйтырқы" схемалар артында көбіне "көлеңкелі" кірістерін шетелде жасыратын ықпалды тұлғалар тұрды", - деді Антикор басшысы.

Оның айтуынша, экономикалық ресурстарды заңсыз шоғырландыруға және оларды мемлекет меншігіне қайтаруға байланысты істерді тергеу ерекше бақылауда. Қабылданған шаралардың нәтижесінде мемлекетке 430 миллиард теңге немесе шамамен 1 миллиард доллар сомасындағы активтер қайтарылыпты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары